Құран оқудың қасиеттері
Құран оқудың қасиеттері
  • «Құран оқыңдар, өйткені, расында ақырет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді» (Муслим).
  • «Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) жәннатта былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы, расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта» (Тирмиза, Әбу Дәуіт).
  • «Сендердің ең жақсыларың - Құран үйренушілер мен оны үйретушілер» (әл-Бухари).
  • «Кімде-кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Аллаһ пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде-кім Аллаһ пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын» (Табарани)
  • «Кім Құран оқудың шебері болып, оны әдемілеп оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен (періштелер) бірге болады. Ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Муслим).
  •  «Құран оқушы мүмин - тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин - иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді - хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді - иісі де жоқ, дәмі де ащы ханзала (колоквинт) секілді» (әл-Бухари, Муслим).
  •  «Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (әл-Бухари, Муслим).
  •  «Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады. Мен: Алиф, Ләм, Мим - бір әріп деп айтпаймын. Жоқ, Алиф бір әріп, Ләм бір әріп және Мим бір әріп» (ат-Тирмизи).
  •  «Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі - қираған үй секілді» (ат-Тирмизи).
Құран оқу, сауап
ShynarShynar
2 жыл бұрын 698
1 пікір
Блог туралы
0
146057 301 568 1240 248