Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (6)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (6)

Әр түрлі сүннет амалдар

  1. Мисуак – Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ең құнды сүннеттерінің бірі. Көптеген мұсылман бауырлар бұл сүннет жайлы біледі, алайда амал етуге келгенде, жалқаулықтары жиі басым түсіп жатады. Ханафи мәзһабына сәйкес, мисуакті намаздан бұрын емес, керісінше дәрет алар кезде қолданған жөн, себебі бұл тіс иегін қанатуы мүмкін. Ал Шафиғи мәзһабы бойынша оны намаздың алдында да, дәрет алғанда да пайдаланған абзал.
  2. Жұма күні ғұсыл құйыну;
  3. Иістену, әтір себіну (ер адамға); Әйтсе де бұл мәселеде аса ұқыптылық танытқан жөн. Шама келгенше сапалы әтірлерді пайдаланған жөн. Себебі, арзан бағадағы әтірлердің иісі өткір келеді, ал бұл жаныңыздағы адамдарға жағымсыз әсер етуі де ықтимал.
  4. Ер адамдар үшін жұдырықпен орап ұстарға келетіндей ұзындықта сақал өсірген абзал.
  5. Мешітке бармастан бұрын үйден дәрет алу;
  6. Мешітке оң аяқпен кіру;
  7. Мешіттен шығарда сол аяқпен шығу;
  8. Мұсылман бауырлармен «Әссәләму әлейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ» деп сәлемдесу; Біздің жергілікті өңірге тән кемшіліктердің бірі – бұл мұсылмандардың өзі түр-түсін танитын адамдармен ғана амандасуы. Бейтаныс адамдармен олардың мұсылман екендігін біле тұра, амандасатындары аз-кем кездеседі.
  9. Жасы кішілерге ізет көрсету, мейірімді болу;
  10. Жасы үлкендерге құрмет көрсету;
  11. Ата-ананы ардақ тұту, сыйлау, құрметтеу және айтқандарына құлақ асып, ақылын тыңдау.

Әбу Әли әл-Ашари

annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, сауап, ғибадат, мәуліт, религия
ShynarShynar
4 жыл бұрын 2605
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248