Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (2)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (2)

Ас пен ауқаттануға қатысты сүннеттер
Біз күніге бірнеше мәрте тамақтанамыз және біз үшін бұл күнделікті қайталанатын іс-әрекеттерге жатады. Әдетте біз қалай дұрыс тамақтанумыз керек, жалпы ас ішер алдында не деп ниет ету керектігіне аса мән бере бермейміз. Бірақ дұрыс ас ішудің өзі санақсыз сауапқа кенелдіріп, берекет сыйлайтын құлшылықтың бір түрі болып табылады.
Адамның жүрегінде, ең әуелі, Алланың бұл берген ризығына деген шүкірлігі мен шексіз алғысы болуы тиіс. Себебі, әлемде аштықтың зардабын татып жүрген қаншама халық бар, бір тілім қара нан мен бір жұтым қара суға зар болып отырғандар да жоқ емес.
Екіншіден, біздің жейтін барлық асымыз халал болуы тиіс, бұл, әсіресе, етке қатысты.
Үшіншіден, ас жердің алдында Алланың разылығына жеткізетін өзге бір құлшылықты орындау үшін күш-қуат аламын деген ниетіміз болуы керек, мысалы, намаз оқу үшін, т.б.
Бұдан әрі біз ауқаттану кезінде орындалуы абзал болған бірқатар сүннет амалдарды атап кетеміз:
1. Ас ішер алдында еденге дастархан не болмаса қандай да бір төсеніш жаю;
2. Қолды білекке дейін жуу;
3. Ас ішер уақытқа дейін аяқ киімді шешу;
4. Тамақты еденде отырып жеу;
5. Ас ішуді «БисмиЛләһи-р-Рахмани-р-Рахим» деп бастау; Бұл ретте Имам әл-Ғазали: «Жаныңда отырғандардың естеріне салу үшін Бисмилляһты дауыстап айтқан жөн», — дейді.
6. Оң қолмен жеу;
7. Егер мүмкін болса, үш саусақпен жеу,
8. Тамақты қатты ыстық күйінде жемегеніңіз абзал;
9. Тамаққа үрлемеу керек;
10. Тамақты ыдыстың өзіңе жақын тұрған жерінен қол созып жеген абзал;
11. Егер тамақтың бір қиқымы болса да, жерге түсіп қалса, оны көтеріп, сүртіп жеген абзал;
12. Ас ішердің алдында үнемі үндемей отыру дұрыс емес;
13. Алдыңызға ұсынылған асты мінемеңіз;
14. Ыдыстағы ас таусылғаннан кейін оны түгелдей тазалап алған жөн. Осылай жасай отырып, Алладан кешірім сұраңыз;
15. Астан соң саусақтарды жалау;
16. Ас соңында дұға айту; мысалы: الْحَمْـدُ للهِ الَّذي أَطْعَمَنـي هـذا وَرَزَقَنـيهِ مِنْ غَـيْرِ حَوْلٍ مِنِّي وَلا قُوَّة
Оқылуы: «Әлхамдулилләхи лләзи ат`амани хаза уә разаканихи мин ғайри хәулим минни уә лә қуууәх»
Аудармасы: «Мені осы аспен тамақтандырған және ризық берген Аллаға мадақтар болсын! Әрине, Онсыз бұған менің күшім де, құдіретім де жетпейді».
17. Еденде қалып қойған ас қалдықтарын жинап алу;
18. Ас ішкеннен кейін қолды жуу,
19. Ауызды шаю.

Ішудің сүннеттері:
1. «БисмиЛләх» деп бастау,
2. Мұсылман ыдысты оң қолға ұстап ішуі тиіс;
3. Алдымен тізе бүгіп, отырып, кейін барып ішу керек;
4. Ыдыстың шүмегінен не аузынан ішпеңіз. Стақанға құйып ішкеніңіз абзал.
5. Стақанның ішіндегі сұйықтықты үш жұтымға бөліп ішкен жөн және әр ішкеніңізде стақанды аузыңыздан ажыратып (алыстатып) отырыңыз.
6. Ішкеннен соң «Аллаға мадақ» (Әлхамдулилләһ) деп айту.

Әбу Әли әл-Ашари
annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, сауап, ғибадат, мәуліт, религия
ShynarShynar
4 жыл бұрын 2172
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248