Жақсылық үшін себептер
Жақсылық үшін себептер

Үсті-басы кір, қарны аш, һәлі нашар, кішкентай қыз көшеде отырып ақша немесе қарнын тойдыратын бірнәрселер тілеп отырыпты көшеден өтіп бара жатқандардан. Өтіп бара жатқандардың арасында жас, қарны тоқ, үсті таза Сәкен де болды. Қызды көргенімен, артымнан ақша сұрап қалмайды деп көргенін білдіртпеу үшін артқа қарамай ол жерден кетуге асықты. Үлкен және люкс үйіне, бақытты отбасының қасына келгенде, оны әдеттегідей әдемі жайылған, әртүрлі тамаққа толы дастархан күтіп тұрды. Бірақ Сәкеннің ойы көшеде көрген қызға қайта-қайта орала берді. Тынымсыздығының себебін түсінбей, ең оңай жолды тауып барлық өкпесін Құдайға қаратады. "Осындай кішкентай қыздардың осыншалықты жаман күйде жүргенін, ата-анасыз қалғанын қалайша көрмей жүр?! Hеге көмектеспейді?! Hеге олардың далада ақша тілеп отыруына жол береді?! неге бірнәрселер жасамайды?!" деп ішінен күрсінді. Сосын жүрегінің түбінен жауабын естиді: "Жасадым. Сені жараттым!"

себеп, садақа, жақсылық, көмек, қайыршы, Аллаһ жаратты
ShynarShynar
2 жыл бұрын 484
3 пікір
  • Иә, Алла Тағала біреуге жақсылықты біреуді себеп қылып та жаратады. Негізінде байларға да байлықты жоқ-жітікке қарайласа жүрсін деп нәсіп еткен ғой. Оны ойлайтын ауқаттылар аз. Байлық сынақ. Жоқшылық та сынақ. Кім қалай өтеді бұл сынақтан? Сол маңызды.
    2 жыл бұрын
  • ғажап
    2 жыл бұрын
  • шынар, бұл туынды өзіңіздікі ме
    1 жыл бұрын
Блог туралы
0
146057 301 568 1240 248