Аллаһтың әрбір ісінде хикмет бар! Соңында не болатынын білмей Оған қарсы келмейік!.. (ғибрат хикая)
Аллаһтың әрбір ісінде хикмет бар! Соңында не болатынын білмей Оған қарсы келмейік!.. (ғибрат хикая)

Бір күні мұхитқа жол тартқан бір кеме апатқа ұшырап, батып кетеді. Кемеден так қана бір адам аман қалады. Толқындар бұл адамды адам аяғы баспайтын бір кішкентай аралға шығарып тастайды. Адам бастапқы күндері өзін құтқаруы үшін Аллаһқа жалбарынып дұға етті және қандай да бір көмек болар деген үмітпен жоғарыға қараумен болды. Бірақ келіп-кеткен ешкім болмады.

Кейін желден, жаңбырдан және жабайы аңдардан қорғану үшін ағаш бұтақтары мен жапырақтарынан өзіне күрке жасап алды. Судың жағасында табылған кемеден қалып кеткен консервленген тамақтар, компас, т.б. заттарды осы күркесіне жинап қойды. Күндер осылай жылжып өте берді. Балық аулап пісіріп жейді және қайта көкке көз тігеді. Аллаһқа жалбарынып дұға етеді. 

Бір күні тұщы су әкелу үшін кеткен еді. Қайтып келгенінде күркесінің отқа оранып жанып кеткенін көреді. Бұл адамның қазіргі жағдайында басына төнген ең жаман, ең қиын нәрсе болды. 

Өкпелі және ренішті халде бір орында тұрып қалды. Енді тірі жан болмаған бұл аралда баспана болатын күркесі де қалмады. 

Аллаһ Тағала неге маған бұлай жасады деп бар даусымен қатты айқайлады. Түнді өкпе-реніш ішінде өткізді. Сонша дұға еткенінде басына осындай жағдай төндіргені үшін Аллаһқа шағымданды. 

Ертесіне таң атпастан аралға жақындап қалған бір кеменің дабылының даусынан оянып кетті. Оны құтқару үшін келген екен. Әл-дәрмені құрып тұрған адам өзін құтқарғандардан:

- Менің бұл жерде екенімді қайдан білдіңіз?- деп сұрады. Және алған жауабы оны бір жағынан таңқалдырды, бір жағынан қатты ұялтты:

- Түтін арқылы білдірген белгіңізді көрдік.

 

Түрік тілінен аударған Шынар Ә.Т.

сабыр, ислам, дұға, дін, емтихан, ғибрат, Аллаһ, хикмет, сынақ, религия
ShynarShynar
4 жыл бұрын 2322
3 пікір
  • Тек қана Аллаһтың жоспарын түсінбегендігімнен Ол менімен бірге емес деп ойлауым дұрыс емес...
    4 жыл бұрын
  • Əттең ай,тым сабырсыз болатынымыз ай!сəл ғана шыдағанда сынақтан абыроймен өтер еді!Өзіме тікелей қатысты екен...
    4 жыл бұрын
  • МаашАллах, мине тамаша гибратты ангиме! ИншАллах маган пайдасы тиер, мен де сондай сабырсыздардын биримин, мойындаймын!

    4 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248