99 дәлел иманды құтқарады ма?.. (ғибрат хикая)
99 дәлел иманды құтқарады ма?.. (ғибрат хикая)

Табиғиндардан кейінгі буында Суфиян Ас-Саури деген Ислам ғалымы өмір сүрген. Үлкен хадисші және өз алдына пәтуә бере алатын терең білімді адам болған. Аллаһтың болмысын адамдарға түсіндірумен айналысқан ол Аллаһтың барлығын және бірлігін 99 жолмен дәлелдеп берген деседі. Сол заманның әдетімен ғалымдар ел аралап уағыз-насихат айтады екен. Және оларды бір көріп, тыңдауға халық жаппай жиналатын болған. Осы кісі бір жолы бір ауылға барғанын естіген халық түгел жиналуға асығады. Бір-бірін шақырып, қалмай баруға тырысады. Бір кейуананың үйінің жанынан өтіп бара жатқанда оның тезек кептіріп отырғанын көреді. Ғалыммен кездесуге оны да шақырады. Жұрттың айтқанын құлағы әрең естіп тұрған кейуана қандай ғалым, не істеп жүр қайта-қайта сұрап мән-жайды білгенде:
- Ол ғалым Аллаһтың барлығына 99 дәлел табатындай 99 рет күмәнданған ба сонда?! Мен ешқандай дәлел білмеймін. Тек "Ләә иләһә иллаллаһ" деп иман етемін,- деп жауап беріп, жұмысын ары қарай істеп қала береді.
Халық жолымен кете барады.
Осы ғалым Суфиян Ас-Саури қайтыс болар сәтінде шәйтан оны азғырып, Аллаһты жоққа шығартуға тырысады. Лағынет атқырдың әр сөзіне бір дәлелімен жауап береді. Бірақ соңында азғырушымен күресуге дәлелі де, күші де қалмайды. Сонда алақанын жайып "Иә Аллаһ, менің ары қарай жауап беруге күшім жетпейді, маған әлгі кейуананыңкіндей иман бер" деп Жаратушысына жалбарынған екен.

Қағаз бетіне түсірген Шынар Ә.Т.

ShynarShynar
3 жыл бұрын 1764
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248